Басты жаңалықтар
Ерін сыйлау мен отбасында бақытты болудың құпиясын айтқан әжей көпшілікті қайран қалдырды
- автор kyn.kz
- 2 маусым, 2023
- 544
Әжей: Әр әйелдің ері өзі үшін Гималай тауынан да биік болуы шарт!
Желіде қонақта отырып елдің алдында өсиет айтып, өз тәжірибесімен бөліскен әжейдің өнегелі әңгімесі көпшілікке ұнап қалды. Отбасында бақытты болудың сырын айтқан әжейдің өмір сабағы қазіргі психологтарды он орап өткені анық.
"Табалдырықты бас па деп неге айтады? Табалдырық Альпі тауынан да Гималай тауынан да биік Тянь-шянь тауынан да табалдырық биік. Менің мына азаматымнан биік тау жоқ. Білдің ба? Ағайыннан артық жау жоқ. Сол үшін ағайындар келгенде үйіңде қара су болсын қайнатып бер. Әйелдің аты сонда шығады. Мынау 5-6 адамды ертіп келгенде, мен үйде дым жоқ деп отырсам, ондай қатын, қатын бола ма? Қатын емес ол деген отын отқа жағатын", - деді апа.
Желі қолданушылары болса үлкен апаның ойына, соны жастарға жеткізе білгеніне риза болды:
"Күлсең кәріге күл демекші. Атамның аузын өмірі аштырмай келген-ау апам", "Азаматымнан биік тау жоқ деп, нұқып-нұқып аузын аштырмай отыр ғой апам", "Атамды сөйлетпеді ақыл айтам деп, оталып кетіп әдепсіздік жасап қойды апам", деп ойларын ортаға салды.
https://youtu.be/cxRYihY0Xgk