Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты
ашық дереккөз
Қайрат Нұртастың інісі бүгінде әншілігімен, жұлдызды отбасының кенжесі ретінде елге танымал. Оның екі жыл бұрын болған тойын бүкіл халық тамашалады. Бүгінде ажырасқан жігіттің желіде өз оқырмандары бар. Олар жас әнші Заңғардан ажырасуының себебін жиі сұрайды. Тіпті кейде "Қыздың көз жасы жібермесін сені" деп ауыр сөз айтатындар да бар екен. Сол сұрақ жиі қойылабергендіктен Заңғар бір рет және соңғы рет жауап қатқанын айтты, деп жазды КҮН.КЗ тілшісі. "Біз бірінші рет той алдында айырылысқан болатынбыз. Бір жылдан кейін қайтадан қосылып, бірге тұрып, өз бақытымызды табамыз деген шешіммен үйлендік. Уақыт өте бірге бола алмайтынымызды түсіндік. Өзара айырылысқанымыз дұрыс болар деп шешім қабылдадық. Бірақ осы күнге дейін бір-бірімізді құрметтейміз. Бұл өзіміздің арамыздағы жағдай.  Бұл  құпия болғаны дұрыс. Осы күнге дейін қатты бататыны “Неге қыздың обалына, көз жасына қалдың?” деген әңгіме. Ешкім ешкімді тастап, қалдырып кеткен жоқ. Өзара сондай шешім қабылдадық. Осылай болғаны маған да, оған да жақсы",-деді Заңғар Нұртас.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар