Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақын Қойшығұл Жылқышиев дүниеден өтті

Ақын Қойшығұл Жылқышиев дүниеден өтті
ашық дереккөз
Қаралы хабарды әлеуметтік желіде ақын Әлия Дәулетбаева жеткізді
Атырауда 75 жасқа қараған шағында қазақтың белгілі ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиев дүниеден озды. Қаралы хабарды әлеуметтік желіде ақын Әлия Дәулетбаева жеткізді: «Атырау мәдениетінің ақтаңгері Қойшығұл аға жалғаннан өтті. Өмір деген осы екен. Бетімізден қақпадыңыз. Еркелігімізді көтердіңіз. Қамқор болдыңыз. Дүние шын жалған екен ғой. Алла алдыңыздан жарылғасын, аға», - делінген жазбада. Қойшығұл Жылқышиев 1948 жылы 24 қазанда Атырау облысының Индер ауданындағы Жарсуат ауылдық кеңесіне қарасты Жаманқұдық жайлауында дүниеге келген. 1975 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, Қазақ теледидарында қызмет істеген. «Өнерпаз» қоғамдық қайырымдылық қорының президенті. Республикалық «Махамбет» қорының тетепрезиденті. Қазір Қазақстан Жазушылар одағының Атырау облыстық филиалының директоры. «Тұңғыш» (1978), «Мұңкітап» (1998), «Асаукер» (2001) жыр кітаптарының авторы. М.Өтемісұлы туралы публицистикалық мақалары үшін Қазақстан Журналистер одағының А.Байтұрсынов атындағы сыйлығын алған (1996). «Тамаша» ойынсауық отауын ашқаны үшін (Л.Есеновпен бірге) авторлық куәлік берілген. Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003).
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар