Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Отставкадағы подполковник: Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ұры

Отставкадағы подполковник: Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ұры
ашық дереккөз
Нұржан Жақсыбаевтың айтуынша, қазіргі қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жемқор
Ұлттық ұланның бұрынғы кадр қызметкері экс-бастығына ауыр айып тақты. Отставкадағы подполковник Нұржан Жақсыбаевтың айтынша, қазіргі қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Астана маңындағы екі әскери бөлімшеден 488 миллионның жанармайын жымқырған, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап. Журналистерді жинаған ол баспасөз жиынына адвокатын да ерте келді.  Екеуі де бәрін дәлелдеуге айғақ жеткілікті деп отыр. "Бұл жанармайды жымқыруға сол кездегі Ұлттық ұланның бас қолбасшысы, қазіргі қорғаныс министрі Жақсылықов Руслан Фатихұлы тікелей қатысты. Істі тергеуде бірнеше куәгер оған қарсы дәлелмен, фактілермен түсінік берді. Жанармайды әскери бөлімшелерден ұрлау 2022 жылдың қаңтар айына дейін жалғасқан. Тек аудиторлар түбегейлі тексеріс бастағаннан кейін ғана ұрлықтың артын жабу мүмкін болмады",-дейді подполковник Нұржан Жақсыбаевтың қорғаушысы Самат  Сырлыбаев. Елорда іргесіндегі Қараөткел ауылындағы бөлімшелерде отын жетіспеушілігі қаңтар оқиғасынан кейін белгілі болды дейді Нұржан Жақсыбаев. Кейіннен қылмыстық іс қозғалып, 140 адам тергеліпті. 100 томдық істе ведомстводағы лауазымды тұлғалардың қолды қылған отынмен тіптен жер үйін жылытқаны да анықталған. «Екі жылға созылған тергеу нәтижесінде барлық жанармайды ұрлау әрекетіне мен жауапты болып қалдым» - дейді подполковник. Тергеуге көңілі толмай, журналистерді жинауы да сондықтан. Министрдің өзі бұл тақырыпты қозғағысы жоқ. Үкімет жиынынан шыққанда жүре жауап берген Руслан Жақсылықов "істің ақ-қарасын сот шешсін" деп қысқа қайырды. "Ол адвокат, сонымен ақша табады. Сондықтан негізсіз арандатуға мен тіпті түсініктеме де бермеймін",-деді ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар