Абай облысы әкімдігі кешеден бастап өрт орнында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, Семей қаласы ТЖБ қызметкерлері және басқа да жауапты қызметтер жұмыс істеп жатқанын жеткізді, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
«Жағдай өте қиын, арнайы өрт сөндіру техникасы, тракторлар және басқа да қажетті құралдар жұмылдырылды. Штаб жұмыс істейді, өртті таратпау және жою үшін барлық шаралар қабылдануда. Өрт маңында мамандардың тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Ең басты міндет - тұрғын алаптарға оттың таралуына жол бермеу. Ол үшін жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейтін болады», деді Нұрбол Нұрсағатов.