Басты жаңалықтар
Семейдегі өртте 3 орманшы қаза болды: Президент ТЖМ басшысына шұғыл тапсырма берді
- автор kyn.kz
- 9 маусым, 2023
- 571

Семей орманындағы өртті сөндіруге жұмылдырылған 3 маман қаза тапты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге тапсырма берді, деп жазды KYN.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«Абай облысындағы алапат өртке байланысты Президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеді Үкіметке және Абай облысының әкімдігіне қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына барлық қажет көмекті көрсету тапсырылды.
ТЖМ мәліметіне сәйкес, орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тапты, тағы 11 қызметкер іздестіріліп жатыр», - делінген мәліметте.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымына тағайындалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2025
Басты жаңалықтар
Алматы қаласында бір апта бойы күн ыстық болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2025