Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Депутат Дәулет Мұқаев әкесінің асқынған дерті мен дәрігерлердің біліксіздігі туралы айтты

Депутат Дәулет Мұқаев әкесінің асқынған дерті мен дәрігерлердің біліксіздігі туралы айтты
ашық дереккөз
Танымал депутат Дәулет Мұқаев әкесінің бір ажалдан қалғанын, дәрігерлер әкесіне нақты диагноз қоя алмағанын айтып әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Қайтадан өмірге келгендей болдым..." Дәл осы сөзді әкем отадан кейін оянғанда айтты. Неше күннен бері көңілім құлазып жүр еді. Оған қоса туған топырағым Абай облысындағы жағдай да жүрегіме жара салғандай болды. Отандық медицина десе білмеймін, менің сөзім жетпейді. Әкемнің ауырып жүргеніне біршама уақыт болды. Түрлі анализ тапсырды, бірақ, білесіздер ғой бізде "анау дейді, мынау дейді, мүмкін деді... Біреуі нақты диагноз айтпады. Біздің медицинаның дамуына әлі де ұзақ жылдар керек. Медикошым 1 жасқа толғанда Қуаныш, Қайша достарымыз үйге келген еді. Сөзден-сөз шығып, әкемнің жағдайын айтып едім, бірден маған ұрысып... Сен олай уақыт өткізбе, ата-анаңды өзімізбен ала кетеміз деп, бірден Ыстамбұлға билет алды. Кезінде Қайшаның ауырған жағдайын бәріңіз білетін шығарсыздар?! Қайсар қыздың тағдыры, өмірі көп адамға үлгі әрі ой саларлық. Осы тұста Қайша Керей саған ерекше алғысымды білдіремін. Мен тормоз болып... "Ертең ел не айтады, өзі депутат шетелде емделеді деп халық сөз етеді ғой" дегенім де бар. Шынымды айтсам, депутат болғанның осы сөздері қиын. Кейбір адамдар әр нәрседен бәле іздеп кетеді... Ертең мына постымнан кейін "Депутаттың әкесі шетелде емделеді" деп заголовок шығып, ол жақта (менің оқырмандарым емес) жаңалықтың астында негатив жаман пікір жазып, "құсып" жатса таң қалмаймын. Қайша болса, "ел не демейді, отандық медицина мықты болса, біз осылай шетел асып ем алмайтын едік қой. Әке біреу, ана біреу. Сенің әкең менің де әкем. Біздің үйде болады, біздің үйде тұрады" деп жігерлендіріп қойды да, өзінің мықты профессорлары бар медициналық клиникасына чекапқа алып кетті. Көп ұзамай нақты диагноздары да белгілі болды. Дәрігерлер уақытында келдіңдер, әйтпесе кеш болар еді дегені тағы бар... Бүгін міне, әкем бір емес 2 отаны сәтті өткізді, Аллаға мың да бір шүкір. Әуелі Алла, мықты мамандарға мың алғыс. Шынайы жанашыр достарымыз көп болсын. Ата-анамыз аман болсын. Барымызды бағалайық", - деп жазды депутат.     
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар