Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Балаларды «хадис» білмегені үшін ұрып-соққан дін қызметкері жұмысынан шығарылды

Балаларды «хадис» білмегені үшін ұрып-соққан дін қызметкері жұмысынан шығарылды
ашық дереккөз
Әлеуметтік желіде аят, хадис жаттамаған балаларды ұрып-соққан дін қызметкері жайлы видео тараған еді. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мешіт ұстазының қызметінен босатылғанын мәлім етті, деп жазды KYN.KZ тілшісі. «Әлеуметтік желіде мектеп жасындағы кішкентай екі баланың дене жарақатын алған видеосы тарап, оқырмандар тарапынан түсінбеушілік туындап жатыр. Кейбір оқырмандар бұл оқиға медреседе болған деген пікір жазған. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқиғаның анық-қанығына көз жеткізді», - дейді Ағабек Қоңарбайұлы. Ол оқиға Шымкент қаласында болған деп отыр. Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғындары – ағалы-інілі Сейітқожа, Есенқожа Ешмұратовтар өз ұлдары Батырхан мен Әлиханға сыныптасы – «Таспау Сәлімбай» мешітінің ұстазы Рүстем Асқаровқа үй жағдайында діни сабақ беруді өтінген. «Өкінішке қарай «Таспау Сәлімбай» мешітінің ұстазы Рүстем Асқаров өзге тұрмыстық мәселелер бойынша ашуланып, өз эмоциясын тізгіндей алмай, кәмелетке толмаған балаларға қол жұмсаған. Біріншіден, бұл оқиға медреседе болмаған. Екіншіден, «Құран сүрелерін дұрыс оқымағаны үшін балаларды ұрды» деген пікір шындыққа жанаспайды. Осы ретте оқырмандардан мәселенің анық-қанығына көз жеткізбей тұрып алдын-ала болжам айтуға асықпауды сұраймыз», - дейді ҚМДБ өкілі. Ол  «Таспау Сәлімбай» мешітінің ұстазы Рүстем Асқаров кәмелетке толмаған балаларды үй жағдайында оқытып, оларға қол жұмсап, дін қызметкерінің этикасын (мұсылмандық, ұстаздық әдепті сақтамау, өзгелерге зиян тигізу т.б.) қатаң бұзғанын айтты. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл оқиғадан тиісті қорытынды шығарды және өрескел әрекетке жол берген дін қызметкерлеріне шара қолданды. Бүгін, 2023 жылдың 15 маусымында Рүстем Асқаров Бас мүфти бұйрығымен «Таспау Сәлімбай» мешітінің ұстазы қызметінен босатылды», - дейді Ағабек Қонарбайұлы.    
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар