Басты жаңалықтар
"Судың рухы Айдахар жер бетіне шығып, көлдің жанында жүрген малдарды сүйреп әкетеді": Қазақстанның тылсым күшке толы жерлері
- автор kyn.kz
- 27 маусым, 2023
- 326
Ақыртас құрылысына өзге ғаламшарлықтардың қатысы бар, жергілікті тұрғындар құрылыстың үстінен белгісіз ұшып жүрген объектілерді байқаған.
Оқырман назарына еліміздің тылсым күшке, аномальды құбылыстарға толы жерлерін ұсынамыз, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Өлі көл
Жаздың ыстығында салқын суға шомылып, серігіп демалуға не жетсін?! Алайда аптап ыстықта, көздің жауын алатын әдемі көлдің тастай суық болатынын қалай түсіндіруге болады? Онда балық жоқ, өсімдік атаулы өспейді, тіпті маңында маса, шыбын да ұшпайды. Тіршіліктің ешқандай белгісі байқалмайтын бұл көлді «өлі» деп атайды. Бұл көл Алматы облысының Герасимов ауылына жақын жерде орналасқан. Жергілікті тұрғындар түсініксіз жағдайларды көптеген аномальді құбылыстармен байланыстырады. Жалпы, тұрғындар бұл жерге жоламағанды жөн көреді.
Халық арасында тараған аңыздарға қарағанда, жергілікті тұрғындардың сөзіне құлақ аспаған туристер қайғылы жағдайға ұшырайды. Мұнда жыл сайын адамдар көлге батып, қайтыс болады. Көлдің бұлай аталуының бір себебі де осы. «Өлі көлге» батқан адамдар бірнеше күннен кейін су бетіне қалқып шықпайды, мәйіт биіктікке дейін созылып, көлдің түбінде тігінен тұрады.
Тіпті сүңгуірлердің өзі ауаға толы акваланг жабдықтарына қарамастан, тереңдікте бірнеше минут қана шыдап, түсініксіз себептермен тұншыға бастайды. Осындай аномальді құбылыстарға байланысты «Өлі көл» планетадағы ең қауіпті жерлердің қатарына енді. Ақыртас Тараз қаласынан 40 шақырым жерде ежелгі қоныстардың тарихи нысаны - Ақыртас орналасқан. Ғалымдар тас құрылысын 8-9 ғасырларға жатқызады. Бұл жердегі зерттеулер 150 жылға жуық уақыт бойы жалғасып келеді. Тас қалашығын кім алып келгені, қалай салынғандығы жөнінде нақты мәлімет жоқ.
Айта кетейік, әлемде дәл осындай қалашықтың ешқандай көшірмесі табылмаған. Тіпті қазірдің өзінде бұл құрылыс қалай салынғандығы адам баласын ойландыратыны анық. Сонымен қатар бұл құрылысқа өзге ғаламшарлықтардың қатысы бар деген нұсқалар да айтылды. Оның үстіне жергілікті тұрғындар құрылыстың үстінен белгісіз ұшып жүрген объектілерді байқаған. Алайда бұл ақпаратты растау немесе жоққа шығару мүмкін емес. Көккөл көлі Көккөл көлі Қазақстанның оңтүстігіндегі Жамбыл облысында орналасқан. Бұл жерде де физикалық және аномальды түсініксіз құбылыстар байқалған. Көлге ешқандай ағын су құйылмайды. Одан бөлек Көккөлдің суы да ешқайда жіберілмейді. Соған қарамастан судың деңгейі төрт маусым бойы асып-таспайды да, кемімейді де. Кейде суда кенеттен әртүрлі қалқымалы заттарды тартатын үлкен шұңқырлар пайда болады. Ежелгі аңыздар бойынша, Көккөлдің түбі жоқ. Тіпті қазірдің өзінде гидрологиялық зерттеу жер жүргізіп жатқан ғалымдар көлдің түбін анықтай алмай жатыр.
Тағы бір аңыздарға сенетін болсақ, судың рухы Айдахар жер бетіне шығып, көлдің жанында жүрген малдарды сүйреп әкетіп, судағы балықтармен қоректенеді-мыс.
Сондай-ақ көлдің жұмбағын шешкісі келген зерттеушілер алып жыланға ұқсайтын белгісіз тіршілік иесіне тап болғандарын да айтқан. Десе де мұндай жыланның бар екендігі туралы ешқандай нақты дерек келтірілмеген. Құмды Бархан Құмды Бархан - Алтын Емел қорығының көзмоншағы. Ол Іле өзенінің оң жағалауында, Алматы қаласынан солтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Оны «Бархан әндетуі» деп атайды, себебі құрғақ ауа-райында жел Барханның баурайларын айналып өтіп, түрлі дыбыстар шығарады. Туристер мен ғалымдардың назарын төбенің өзі емес, оның ән айту қабілеті қызықтырады, пайда болған шу ауа-райына байланысты дыбыстың үні мен күшін өзгерте алады. Қатты желде тау әні бірнеше шақырымға дейін естілетін айқайға айналады.
Бір қызығы, желдің қатты соққанына қарамастан, әндеткен құм, бірнеше мыңжылдықтар бойы өз орнында мызғымай тұрып келеді. Дыбыс құрғақ, желді ауа-райында 1 000 000 құм түйіршіктерінің үйкелісінен және төгілуінен шығуы мүмкін. Барханның биіктігі - 120 м, ұзындығы - 4 км. Барханның қайдан шыққаны әлі де белгісіз.