Басты жаңалықтар
"Операция залына әкетерде “Мама, менімен жүр” деп құшақтап алды":Роза Әлқожа қызына ота жасалғандығын айтты
- автор kyn.kz
- 27 маусым, 2023
- 628
Роза Әлқожа: Оянуын күтіп отырмыз
Танымал әнші Роза Әлқожа қызына ота жасалғандығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
«Қайырлы күн! “Мына халатты кимеймін, бәрі көрініп тұрады. Шалбарымды шешпеймін” деп біраз қиғылық салды. Батыр боп, күшті боп ақылмен келді де, операция залына әкетерде “Мама, менімен жүр” деп құшақтап алды. Ой, мамасының түрі бар болсын, бода-бода боп!..
Ота біткенше мен де біттім. Уақыт деген осынша ұзақ болады екен ғой! Аллаға шүкір! Енді оянуын күтіп отырмыз! Тілектес жандардың барлығына Алла разы болсын! Асан Алиханұлы бастаған дәрігерлер ұжымына мың алғыс! Бар көрген сынағың осы ғана болсын, ақылдым!», - деп жазды әнші. Желі қолданушылары болса: "Роза әпке, Аллаһ шипасын берсін! Тез сауығып кетіңіздер!","Баламен сынамасыншы, бала ауырғанша өзің ауырғаның жақсы. Аман болсын балапандар", "Мамасының жаны жүрегі сол, ешбір ана, ешбір бала, жыламасын мұңаймасын",- деп ойларын ортаға салды.