Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жазира Байырбекова: Жанболаттың бір аузыз сөзіне бола күйзеліске түсіп кеттім

Жазира Байырбекова: Жанболаттың бір аузыз сөзіне бола күйзеліске түсіп кеттім
ашық дереккөз
Әнші: "Өзгер немесе ажырас" деген талап қойдым
Әнші Жазира Байырбекова отбасы болғаннан кейін кикілжің, екі адамның бірін-бірі түсінбейтін сәттер міндетті түрде болатынын тілге тиек етті. Ол өз басынан өткен оқиғаны баяндап беріп, екі адам бір-бірімен ашық әңгіме айта алған кезде түрлі деңгейдегі мәселелерді шешуге болатынын айтты, деп жазды КҮН.КЗ тілшісі. "Бізде де бір дағдарыс болды. Ондай жағдай әр отбасында болады. Жанболат маған бір нәрсе айтып еді, мен қылт етіп күйзеліске түсіп кеттім. Ешқандай айқай-шу, ұрыс-керіс болған жоқ. Сонда менің жан дүнием: "Жазира, өзгер. Өзгермесең ажырас" деп сөйледі. Ал санам "Бәрі дұрыс қой. Не болды сонша?" деп ішкі дауысыммен арпалысқа түсті. Менің алдымда екі таңдау тұрды: не ажырасамын, не өзгеремін. Жанболатқа келіп: "Мен өзгеремін. Мұнда сенің ешқандай кінәң жоқ. Мен сенің алдыңда не айтсаң соны істеп, сенің рұқсатыңсыз ешқайда шықпай, өзімді тек жұмысқа арналған әйел сияқты ұстаппын" дедім. Біз жұмыстан қолымыз босай сала, отбасымызға, туған-туыстарымызға қарайласамыз. Мен қыдырмаймын. Әлеуметтік желіде әдемі болып көрінгеніммен, жұмыста жүремін. Жанболат таза ауамен демалып, тауға барғанды ұнатпайды. Ал мен солай демалғанды жақсы көремін. Жанболат жер үйде, егін егіп, тал егіп, иттерге қарап жүргенді жаны сүйеді. Мен үшін қораның ішінде жүре берген демалыс емес. Сол сияқты кейде екеуіміздің қызығышулықтарымыз екі түрлі боп кетеді", - деді өнер иесі Жазира Байырбекова.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар