Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Сен көптің бірісің, еттің кірісің, сенің ешқандай актерлық қабілетің жоқ": Мәлік Әбдіраманов "Бауыржан шоу" театрынан қуылғаны туралы бар ақиқатты айтты

"Сен көптің бірісің, еттің кірісің, сенің ешқандай актерлық қабілетің жоқ": Мәлік Әбдіраманов "Бауыржан шоу" театрынан қуылғаны туралы бар ақиқатты айтты
ашық дереккөз
Танымал актер Мәлік Әбдіраманов "Бауыржан шоу" театрынан қуылғаны туралы бар ақиқатты  "Базар Like" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.  "Несін жасырамын, Құдайдан жасырмағанды адамнан жасыра алмайсың. Қызылорда қаласында Қыз Жібек деген ночной клубтан шығып Салтанат деген гостиницаға барғанда барлығы жиналып, мені жұмыстан шығарып жіберді. Сен көптің бірісің, еттің кірісің, сенің ешқандай актерлық қабілетің жоқ, кет деді. Егер кетпеймін десең админостраторлық жұмысты атқар деді. Сол нәрсе маған себеп болды. Егер сол нәрсе болмағанда мен бір деңгейдегі, қатардағы актер болып жүре беретін едім. Маған сол оқиға қамшы болды. Мен сол кезде оларға ренжідім, ызаландым. Қазір мен оларға, сөздеріне ризамын деп айтамын. Жұма намазға барғанда да, ойға кеткенде де Алладан соларға жақсылық сұраймын. Әр жаман істің артында бір жақсылық бар дегенге көзімді жеткізді", - дейді актер. Сонымен қатар  ол сол оқиғадан кейін Алматыға жеткенше көз жасын тоқтата алмағанын да жасырмады. "Қызылордадан пойызға отырдым, Алматыға келгенше көзімдегі жасым кеппеді. Келе салысымен Ғабит Мүсірепов атындағы жастар театрына келіп жұмысқа орналастым. Майғазиев жұмысқа шығып жатыр екен. Классикалық "Қыз Жібек" спектаклінде  Майғазиевтің орнына Сансызбайды ойнап шықтым", - дейді  Мәлік Әбдіраманов. 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар