Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жанар Байсемізова: Қазақстанның медиа саласына, "ПОЗОР". Ақпарат және қоғамдық министрлігіне ПОЗОР

Жанар Байсемізова: Қазақстанның медиа саласына, "ПОЗОР". Ақпарат және қоғамдық министрлігіне ПОЗОР
ашық дереккөз
"Шетелдегі қазақ балалары" жобасының телевизиялық бәйгеге іліне алмауы көпшіліктің ашуын туғызды
Жанар Байсемізова  "Шетелдегі қазақ балалары" жобасының авторы әрі жүргізушісі әлеуметтік желідегі парақшасында ұйымдастырлған телебәйгеде қазылар алқасының әділдігіне күмән келтіріп жазба арнады , деп жазды KYN.KZ тілшісі.  "Шетелдегі қазақ балалары" жобасы "Тұмар 2023" ұлттық телевизиялық байқауының шорт-листіне де ілінбепті. Осыдан он жыл бұрын журналистика саласындағы ешбір байқауға қатыспаймын деп, өзіме уәде бергенмін. Алайда, үмітті, сенімді жоққа шығара алмайсың. "Жібек жолы" арнасының директоры "Шетелдегі қазақ балаларын" Тұмарға өткіземіз, құжаттарын дайындаңыз, деген соң, бір үміт сәулесі жылт еткен. "Аманатқа" да жақын, жанашыр адамдар айтқан соң, қатысып едім. Алайда, үміт ақталмады. Басқа саланы айтпағанда журналистикада қандай да бір марапат алу үшін жоғарғы жақтан бір қолдаушың болу қажет екен. Таныс салып қана ала алады екенсің, медаль болсын, марапат болсын. Менің сонша аңғалдығым, бұл жайттан хабардар болсам да, еш әрекет жасамадым. Ешкімнен ешнәрсе сұрамадым. Қазылар алқасын қарасам, бәрі таныс адамдар. Арасында осыжобаның өзектілгін қолдап, сериялық репортаж жасатқызған Нұржан Мұхамеджанова да бар екен. Кезінде бірге жұмыс істеген әріптестерім де жюридің құрамында отыр.  Мені танымайтын, жобаны көрмеген орыс тілді жүргізуші, қазіргі депутат қана шығар", - дейді журналист.  width= "Мен ешкімге жалпаңдамайтын журналистпін. Мен ешкімнен ештеңе сұрамайтын журналистпін. Мен принципшіл журналистпін. Қазақстанның медиа саласына "ПОЗОР". Ақпарат және қоғамдық министрлігіне ПОЗОР! Менің басымды кесіп алсаңыздар да айтамын. Бұндай жолмен, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен, таныс-тамырмен қазақ журналистикасы, Қазақстан журналистикасы дамымайды. Мен адам салып Тұмарды алудан арланатын едім.  Сіздер, Тұмардың қазылар алқасы, кімсіздер, үздіктерді анықтайтын? Менің жобама тең келетін жоба жасап көрдіңіздер ме? "Шетелдегі қазақ балалары" лайық емес дейтін сіздер кімсіздер? Менің жеке өміріме қатысты негатив айтатындар бар шығар, бірақ менің журналистігіме қатысты ешкім ешнәрсе айта алмайды. Өйткені мен әрқашан өз күшіме сенген адаммын. Ешкімге тәуелді емеспін. Бәрі ФАЛЬШ. Жас журналистер, біліңдер осыны", - деп жазды Жанар Байсемізова. Ал желі қолданушылары болса:  "Жаңа Қазақстанда бәрі ескіше", "Масқара, мыналарды әділ қазы деп қойғандар, атынан садаға кетсін, "Ұят, Тұмарды өңшең ығай мен сығайлар алыпты ғой", "Бағасын халық береді, бұл жобаның артында қаншама еңбек тұр", "Қазақ журналистикасына ҰЯТ! "Шетелдегі қазақ балларына" берілмеген Тұмардың барынан жоғы",  - деп жазып ойларын ортаға салды.   
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар