30 қыркүйекте екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы (76,2 кг) Канело бірінші орта салмақтағы (69,8 кг) абсолютті әлем чемпионы Джермелл Чарломен кездеседі, деп жазды KYN.KZ тілшісі Спорт Шредингера Telegram-каналына сілтеме жасап.
Джермелл 2022 жылдың мамыр айынан бастап қолындағы жарақатына байланысты жұдырықтаспай, енді бірден екі санатқа (7 кг) жоғарылады.
Бұған дейін Канело екінші орта салмақта WBC белбеуінің иесі, екі жыл бойы жұдырықтаспаған Чарлоның егіз ағасы Джермалмен жекпе-жек өткізетіні туралы қауесет тараған еді.
Әйтседе бұл жекпе-жек тарихи болмақ. Себебі екі қарсылас та – әлемнің абсолютті чемпионы.