Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қытайға Димаш Құдайбергенді шығардым. Бірақ Арыстанбек Мұхамедиұлы бұл еңбегімді бүкіл бір министрліктің жұмысы етіп көрсеткісі келді»: Танымал журналист біраз былықтың бетін ашты

«Қытайға Димаш Құдайбергенді шығардым. Бірақ Арыстанбек Мұхамедиұлы бұл еңбегімді бүкіл бір министрліктің жұмысы етіп көрсеткісі келді»: Танымал журналист біраз былықтың бетін ашты
ашық дереккөз
Ертай Нүсіпжанов: Димашты бекер шығардым ба деп қоямын кейде...
Танымал журналист  Ертай Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасында Димаш Құдайбергеннің көпшілікке танылуына көмектескенін жазып, біраз былықтың бетін ашты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
«Ұлттық арнаға бұрынғы жұмысыма келдім. Бірақ Қытайдан алған білімім мен тәжірибемді пайдалануға онда мүмкіндік берілмеді. Бір орында тұруға болмайды деп 2 жылдан соң өз еркіммен жұмыстан кеттім. Сөйтіп Қытай нарығын пайдаланудың тетіктерін өз бетімше іздедім. Ол үшін тағы 2 жыл уақытым кетті. Бірақ еңбегім зая болмады. Қытайға Димаш Құдайбергенді шығардым. Өкінішке орай, ол туралы елде қауесет тарады. Күмән келтіргендер шықты. Жалғыз өзім атқарған еңбегімді сол кезде мәдениет министрі болған А.Мұхамедиұлы бүкіл бір министрліктің жұмысы етіп көрсеткісі келді. Ол туралы сұхбаттар берді. Сол аралықта мені Димашты танытқан журналист деп таныстырып Пекин қаласына Орталық телеарнаға арнайы сұхбатқа шақырды. Қытай тілінде сұхбат бердім. Бұл туралы бүкіл Қытай медиасы айтты, жазды. Қытай елеп, мені көтермелеп, ал өз елімде еңбегіме күмән келтіргені жаныма қатты батты… Мен өз қызметімді адал атқардым. Біреуге арқа сүйеп қызметке орналасқан жоқпын. Шүкір, еңбегі ақталған адаммын. Соның арқасында қазақты жарты әлем таныды. Қазір ұл мен қыз тәрбиелеп отырмын. Енді соларды елін ойлағандардың көшіне қоссам деген арманым бар. Аллаға шүкір отбасымды асырайтын жағдайым бар. Қызметке, мансапқа мұқтаж емеспін. Қазіргі қызметім – дубляж саласында. Ауылда жеке шаруақожалығымыз бар. Журналист болған соң елдің, қоғамның жайын ойламай қоймайсың. Азаматтық көзқарасымды айтып, жазып тұрамын. Осы! Айтпақшы, осы Димашты бекер шығардым ба деп қоямын кейде…», — деп ойын аяқтады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар