Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Петропавлдық дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған сарбазды ажалдан құтқарды

Петропавлдық дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған сарбазды ажалдан құтқарды
ашық дереккөз
Петропавл қаласында жедел жәрдемнің мамандары жүрегі тоқтап қалған сарбазды құтқарды, деп хабарлайды КҮН.КЗ тілшісі.
Оқиға 1 шілде күні болған. Жедел жәрдем әскери бөлімнен шұғыл түскен шақыртуға барды. Ол жерде бір сарбаз тұншыға бастаған. Көлік жүргізушісі Мерген Әділбаев екі фельдшер – Талғат Қасенов пен Екатерина Шмидті әскери бөлімге үш минуттың ішінде жеткізді.
Дәрігерлер кіргенде 21 жастағы сарбаз есінен танып, сұлап жатқан. Тыныс алмай, тамыры соқпаған. Мамандар бірден жан сақтау шараларына кірісіп, жасанды тыныс алу аппаратының көмегіне жүгінген. Сондай-ақ дефибриллятормен жүректі қайта іске қосуға тырысты. Осы шараларды алты рет жасаған. 30 минуттан кейін жас жігіттің жүрегі соғып кетті, өздігімен дем ала бастады.
Сарбазды бірден қалалық ауруханаға жеткізді. 3 шілде күні оны жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырды.
Ал облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының директоры Юрий Белоног жас жігіттің денсаулығы неге сыр бергенін айтты. Жүректің тоқтап қалуына энергетикалық сусындарды шамадан тыс көп тұтыну себеп болуы мүмкін.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар