Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Оразымбетова: Күйеуіме тұрмысқа шыққанға дейін бір жігітпен қол ұстасып жүріп көрмегенмін

Оразымбетова: Күйеуіме тұрмысқа шыққанға дейін бір жігітпен қол ұстасып жүріп көрмегенмін
ашық дереккөз
Әнші: 20 жаста қызметтегі адаммен сөйлесе алатын деңгейде болғаным әже тәрбиесін көргенімде деп ойлаймын
Көпшілік өзінен жасы үлкен кісімен тұрмыс құрған Гүлнұр Оразымбетованы бір жылдары қатты сынның астына алған болатын. Бірі жас әнші қолында қызметі бар азаматқа тұрмысқа шығып алды, отбасын бұзды деген сынды сырттай түрлі айыптаулар айтты. Бірақ, әншінің өзі жағдайдың қалай болғанын "Мамский әңгіме" бағдарламасында айтып берді. Сөзінше ол тұрмысқа шыққанға дейін басқа жігітпен қол ұстасып жүріп көрмеген. Күйеуі өзін таңдап, үйленеміз деп бір ауыздан шешіп қойған. Оразымбетова болса өмірлік серігінің айтқанымен жүреберіпті. "Менде оны ерте тұрмысқа шыққаным жайлы  ойлайтындай мүмкіндік болмады. Солай болды. Шынымды айтсам, өмірімде жігітпен қол ұстасып жүрген емеспін. Күйеуім мені өзі тауып алды. Оңай болған жоқ. Себебі, қанша дегенмен ол кісінің қызметі бар. Мен әлі баламын. Бірақ ол кісі солай шешім қабылдаса, мен бала болсам да, сөйлесе алғаным ғой. Мен әжемнің қызы болдым. Үлкен кісілердің тәрбиесін көрдім. Бала кезде жеңгелерім "Кемпірлер секілді сөйлемеші. Осы қыздан қалдық қой" дейтін. Менің ойымша, ер мен әйелдің қарым-қатынасы сөйлесе алудан тұрады. Мен қанша шаршап тұрсам да, жолдан келсем де, бес минут болсын сөйлесемін. Кейде ол кісіге бес минут аз болып жатады", - деді Гүлнұр Оразымбетова.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар