Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Халық үлкен қолдау көрсетті": Роза Рымбаева жұбайының қазасынан кейін қалай есін жинағанын айтты

"Халық үлкен қолдау көрсетті": Роза Рымбаева жұбайының қазасынан кейін қалай есін жинағанын айтты
ашық дереккөз
Танымал әнші  Роза Рымбаева 23 жыл отасқан жары Тасқын Оқапов көз жұмған соң, сахнаға қалай оралғанын айтты  "Еркін сұхбат" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Қайыспайтын әйел жоқ шығар. Жарынан айырылғанда, шиеттей екі баламен қалғанда, қайыспайтын адам жоқ шығар. Ол менің өмірдегі, өнердегі қолбасшым ғой. Қолбасшыдан айырылған соң таңдау керек болды. Балалармен үйде отырып, қарапайым әйелдің өмірін кешу ме? Әлде, барлығын бірге алып жүру ме? Алып жүру болды. Себебі менің негізгі мамандығым осы. Екі ұлыма тірек болғым келді. Екеуі де музыка мектебіне барды. Соларға үлгі болғым келді. Тағдырымның кейбір күрсінетін кездерін халыққа әнмен жеткіздім ғой. Ең бірінші маған халық үлкен қолдау көрсетті. Халықтың көмегімен тезірек сахнаға шығып, тезірек гастрольге шығып, солармен сахнада ән арқылы сырласып, қуанышымды-қайғымды бөлістім. Былай айтқанда, мені сахна алып қалды деп айтуға болады. Кез-келген шығармашылық адамы өз шығармашылығы арқасында күйзелістен де, кейбір қиыншылықтан да шығатын сияқты. Өзім сахна әртісі болғандықтан, солай ойлаймын" - деді Роза Рымбаева.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар