Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда науқас балаларды қинаған тәрбиеші ісі бойынша сот үкімі шықты

Атырауда  науқас балаларды қинаған тәрбиеші ісі бойынша сот үкімі шықты
ашық дереккөз
Тәрбиеші кемтарлығы бар балаларды қинап, ұрып-соғып, психикалық қысымда ұстаған
Атырауда балаларды қинаған тәрбиеші 4 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды  KYN.KZ  тілшісі Атыраудың №2 сотына сілтеме жасап. Атыраудың № 2 сотында қинау, яғни "көрінеу кәмелетке толмағандарға қатысты ұдайы ұрып-соғу арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату" дерегі бойынша (ҚК-тің 110-бабы 2-бөлігі 1,2-тармақтары) балаларды оңалту орталығының маманына қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот К.-ның міндетіне 45 минут ішінде жеке-дара ерекше балаларды дағдыларға үйрету, мінез-құлықты оңалту жұмыстары кірген. Ол балалар орталығының арнайы кабинетінде кәмелетке толмағандармен жеке сабақтар өткізу барысында үш кәмелетке толмаған баланы ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қодану әрекеттері арқылы тән зардабын немесе психикалық зардап келтірген. "Сотталушы К.-ның кінәсі жәбірленушілердің заңды өкілдері, куәлардың айғақтары, сараптама қорытындысы, бейнежазбалар және іс бойынша басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденді. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындады", - делінген сот мәлімдемесінде. Сот соттылығының жоқтығын, асырауында кәмелетке толмаған баласының болуын ескеріп, К.-ны кінәлі деп тапты. Әйел төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, жәбірленушілердің пайдасына алты миллион теңге моральдық шығын өндірілді. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар