Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Аллаға шүкір айтамын”: Айжан Байзақова екінші сәбиін көп күткенін айтты

“Аллаға шүкір айтамын”: Айжан Байзақова екінші сәбиін көп күткенін айтты
ашық дереккөз
Аты шулы блогер Айжан Байзакова жұбайымен қуанышты жаңалығын  қалай бөліскендігін айтты, деп жазды KYN.KZ  тілшісі. “Мұнда жүкті екенімді білген кезім. Нұрбектің ата-анасы бізге торт жіберіп, менің көңілімді босатты. Күн сайын осындай адамдарды жолықтырған Аллаға шүкір айтамын. Нұрбек екеуіміз үшін бұл эмоционалды тұрғыдан ауыр болды. Аланды санамағанда Нұрбекте бала жоқ. Мен оның сәбилі болуды қалап, жабырқап жүргенін көрдім. Бірақ ол ешкімге білдірмейтін. Неке қиған соң біз Алладан перзент сұрап, көп емделдік. Кейін бізге “бұйыртқан болса, болады, алаңдамаңдар” деді. Біз дәл солай жасадық. Мен жүкті екенімді білгенде Нұрбекке тосынсый жасап, сіздермен бөліспек едім. Бірақ екі сызықты көргенде бірден Нұрбекке көрсеттім. Бұған дейінгі талпыныстарымыз сәтсіз болған еді”, – деп жазды Айжан Байзақова.  width= Сонымен қатар блогер күйеуінің Аланды туған баласындай жақсы көретінін атап өтті. “Соңғы екі жылда Нұрбек өзінің қандай керемет әке екенін көрсетті. Аланның тісі ауырып, біз шаруаларымызбен кеткенде Нұрбек әр секунд сайын ұлына хабарласып, жағдайын біліп тұрды. Қалған уақытта қасынан шықпады, түнде дәрісін берді. Уайымнан қолдары дірілдеп кететін. Мен Нұрбек секілді уайымдамаған шығармын. Барлық әке баласы үшін бұлай уайымдамайды. Жүкті болғанға дейін: "Алла оған перзент сыйлау керек" деген ойда болдым. Мен “көз тимесін” деп бұл туралы айтпай-ақ қоюыма да болатын еді. Бірақ менің өмірім көп қыздарға демеу болатынын, бұл менің өмірлік миссиям екенін де білемін. Мен өзімнің шынайы болмысымды көрсетемін. Өмірімде қуаныш та, қайғы да болды. Мені және ұлымды қабылдамай қойған кездер болды. Бірақ Алла менің ешкімге жамандық ойламай өмір сүргеніме куә. Сондықтан болар, күйеуім мен оның отбасы Алланың маған берген сыйы. Ешқашан ештеңе мінсіз болмайды. Бірақ соныңда әркім өзіне лайықтысын алады”, – деп ойын түйіндеді Байзақова.  width=
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар