Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодар тұрғыны жыннан құтылу үшін бақсыға 120 млн теңге берген

Павлодар тұрғыны жыннан құтылу үшін бақсыға 120 млн теңге берген
ашық дереккөз
Өзін емші деп атаған азамат тұрғынға жолы жүретін сыйқыр жасағаны үшін қомақты қаражат талап еткен.
Павлодарда бақсы-балгер болып жұмыс істейтін адам  тұрғынның бойын жын басқарып жатқанын айтып, дереу тазаруды ұсынған. Тазару ақысы өте қымбатқа түскені сонша  "науқас" 120 миллион теңгесін беріп қойған, деп жазды КҮN.KZ тілшісі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. "35 жастағы алаяқ жәбірленушіні өзіне және оның отбасы мүшелеріне жындардан қорғаныс қою керек деп сендірген. Әйел оларды шақырып, бірлесе әрекет жасай алатынын айтқан. Осындай қамқорлығы мен жұмысы үшін әйел ірі көлемде ақша алған", - деді Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. Алғашында жарты миллион теңгеден сәл асатын сомалар алған. Павлодардың бір тұрғынына 2,2 миллион теңгеге "бизнес жүргізуге және өсек-аяң мен қызғаныштан қорғаныс қойып" берген. ҚАЖД мәліметінше, кейін жәбірленуші бір қызметі үшін көріпкелге 8 миллион теңгеге дейін берген. Алаяқ бес жылға сотталды. Ол жазасын Абай облысындағы орташа режимдегі әйелдер колониясында өтейді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар