Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада жатақхана өртеніп, 60 адам эвакуацияланды

Астанада жатақхана өртеніп, 60 адам эвакуацияланды
ашық дереккөз
23 шілдеде сағат 21.57-де Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшесіне Көктал ауданында жатақхана жанып жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ. Өрт сөндірушілер келгеннен кейін 20 шаршы метр алаңда 2 қабаттағы бөлмелердің бірінде өрт шыққаны анықталды. Өрт тез таралды, жоғарыдағы бөлмелерді түтін басты. Өрт сөндірушілер қою түтін арасында жұмыс істеді, - делінген Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен үш иінді көтергіш арқылы 2 адам аман-есен құтқарылды. Жатақхананың 60 тұрғыны эвакуацияланды. ТЖД күштерімен өрт 22.28-де оқшауланып, 22.48-де сөндірілген. Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 41 адам мен 9 бірлік техника жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар