Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

3-қабаттан секірген Дильназдың оқиғасындағы 7 қыз Қазақстанның әр аумағынан қыздарды ұрып, тонап, жезөкшелікке мәжбүрлегені анықталды (видео)

3-қабаттан секірген Дильназдың оқиғасындағы 7 қыз Қазақстанның әр аумағынан қыздарды ұрып, тонап, жезөкшелікке мәжбүрлегені анықталды (видео)
ашық дереккөз
Осы мәселе көтерілгелі еліміздің түрлі өңірлерінен қыздар хабарласып, осы қыздардан қандай қорлық көргендерін әңгімелеп беруде
Алматыда 3-қабаттан құлаған Дильназдың оқиғасын ұйымдастырушылар бұған дейін талай қыздың көз жасына қалғаны анықталып жатыр.  Дәл осы қыздардың есімін атап, адам айтса сенгісіз айуандық көргендерін жылап тұрып еске алғандар саны күн санап артып келеді. 31 арнадағы 50/50 бағдарламасы осы жағдайды көтергелі хабарласатындар саны артқан. KYN.KZ сайтынан араша сұраған Сабрина Смакова оқиғаның басынан аяғына дейін сол топпен жүрген. бірақ Дильназды топтық азаптаудан құтқаруға еш әрекет жасамаған. Бүгін тағы бір шымкенттік ару өз оқиғасын баяндады. Тағы бір Жетісай тұрғыны Жансая есімді қыз өзін бірнеше ай бұрын ұрып-соғып, телефоны мен ақшасын тартып алып, қылғындырып талдырып, сыртынан кілттеп қашып кеткенін айтқан. "Айгерім деген қыз. Қасында Азат деген күйеуі болды.  Жансая, Лола, Белла, Айгерім деген қыздар болды. Жансая мені бүйректен ұрып, "бір жігітпен жатасың. Ақшасын маған бересің" деді. 15 күн құрбым екеуімізді қамап ұстады. Жатпаймын деп едім бүйрегімнен ұрып, сабап тастады. Абай полициясына барған кезде  Айгерімнің әпкесі Ұлбосын Түймебаева дегенге құрбым барған. Ол бүкіл мәселесін тыңдап алып, олардың өздерін мазақ қылып, "бұл жерге екінші аяқ баспаңдар. сендердің арыздарыңды қарамаймыз" деген. Өзім де бардым соңынан. Сол кезде полициядағылар өзімді күлкіге айналдырып, мазақ етіп. Арыз түсіріп әуреленбеуге кеңес берді.  Жансаяның ағасы органда істейді екен. Олар маған "Біз біреу-үшеу ғана емеспіз. арқамызда қаншама адам тұр. Саған оңай екен да қамап тастайсалу" дегенді айтты. Қазір көшеге шығуға қорқамыз. Шымкенттің арбатында мені сол қыздар топ болып ұрып жатқанда полицейлер әрекетсіз қарап тұрды. Бұл қыздар ұйымдасқан тобымен жауапқа тартылмаса болмайды. өйткені бір-екеуі ғана қамалатын болса артында қалғандары жұмысты жалғастыра береді",-дейді бүгінде келін атанып отырған жәбірленуші. Есімі аталған қыздардан қорлық көрген болсаңыз +7 777 084 09 65 номеріне видео, хат жазыңыздар. Өйткені қазір Дильназдың ісі бойынша  қыздардың екеуі ғана күдікті.  Қалғандары куә болып отыр. Қазір омыртқасы мен аяғы сынған Дильназ үш айдан астам уақыттан бері төсек тартып жатыр. Анасының сөзінше ол әлі күнге өзіне келе алмаған. Күнделікті жылап, отбасы мүшелерінің өзімен сөйлеспей, өлгісі келетінін жиі айтады екен.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар