Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ұрса да кешірдім": Маржан Арапбаева бұрынғы күйеуінен не себепті ажырасқанын айтты

"Ұрса да кешірдім": Маржан Арапбаева бұрынғы күйеуінен не себепті ажырасқанын айтты
ашық дереккөз
Танымал әнші Маржан Арапбаева  “Менің өмірім” бағдарламасына берген сұхбатында алғашқы некесінің не себепті  сәтсіз аяқталғанын айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Егер адамдар бір-бірімен сәйкес келмесе, олар бір-бірін қинамауы керек. Ол кезде де менің бақытты сәттерім көп болды. Ол кісінің өте көп жақсы қасиеттері бар. Ол менен жеті жас үлкен еді. Мен ол кісіден ортаға шығып, дұрыс сөйлеуді үйрендім, оның жақсы қасиеттерін бойыма сіңіруге тырыстым. Ол жүргізуші, режиссер болды. Көзі ашық, тәжірибесі мол, шетелде оқып келген адам. Ол – менің қызымның әкесі. Өнер жолында мені өте қатты қолдады. Бір емес, үш жеке концертімді жасап берді. Өзі режиссер болды, барлығын өз қолына алды. Тіпті концертімнің афишаларын қақаған аязда өзі бағандарға іліп шыққан кездері болды. Өкінішке орай, айырылысып кеттік. Ол кісіге мен жақсылық тілеймін. Әр әйел бақытты болуға лайық. Жалпы адам бақытын іздеуді тоқтатпауы керек. Сүймейтін адаммен өмір сүру – өзіңнің де, өзгенің де өмірін қорлаумен тең. Бала-шағаға да бақытты өмірдің үлгісін көрсете алмайсың. Әр күн сайын ұрысып-қырлысып жатсаң, балаға қандай тәрбие бересің? “Ұрса да кешірдім, амалым жоқ, енем ұрды” деген әңгімелерді естимін. “Неге ұрды? Мүмкін, өзің бір нәрсе бүлдірген шығарсың? Жасырмай, шыныңды айт” деп сұрағанымда олар ағынан жарылады. Сонда ол әйелдің кінәсіз екеніне көзім жетеді. Кінәсіз адам неге “Елден ұят, ел-жұрт не дейді? Көршілерім, туысқандарым не дейді? Балаларыммен қайда барып сыямын?” деген түсінікпен өмір сүру керек? Ештеңе етпейді, жатақхананы жалдайсың, жұмысқа тұрасың, аяққа тұрасың. Әйтеуір бір қара нан мен су ішсең де, бір күн болса да бақытты өмір сүру керек деп ойлаймын. Әйелдерге айтқым келгені, ешқашан ешкімге есеңізді жібермеңіз. Кез келген адам біреуге хақысын жегізбеу керек. Иә, болады, әйелдер шектен шығады, тілінен қағынады, еркектің намысына тиіеді, еркек бір ұрады. Мен еркекті қорғамаймын, бірақ көп жағдайда әйелдің өзі ушықтырып жібереді”,- дейді әнші.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар