Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«55 миллион»: Арман Қуанышбаевқа қымбат темір тұлпар сыйлады

«55 миллион»: Арман Қуанышбаевқа қымбат темір тұлпар сыйлады
ашық дереккөз
Белгілі дінтанушы, теолог, ҚМДБ өкілі Арман Қуанышбаевқа «Toyota Land Cruiser 300» маркалы көлік сыйға берілді. Бұл туралы қоғам белсендісі Тортуыл Шоқан Facebook-тегі парақшасында хабарлады, деп жазды KYN.KZ тілшісі. «Ислам діні уағызшысына 55 миллион теңгенің көлігін берді. Бұл қайдан келген «батпан құйрық»?! «Танымал қыз-келіншектерге ақша төлеп хиджап кигізіп жатыр екен…» дегендер болған. Демек, ақша Саудиядан келіп жатыр. Ислам дінін жарнамалап, таратып үлкен немесе кіші қажылыққа, бұған қосымша Арабияға туристерді тарту үшін бөлініп жатқан гранттардан болуы керек. Мысалы, 55 млн – 5 млннан қажылыққа барған 11-ақ адамның ақшасы. Ал бұлардың арқасында мыңдаған адам дінге кіруде, яғни қажылыққа баруда. Олай болса, неге мінгізбеске? Уағызшының қымбат көлік алуының басқа жолын көріп тұрған жоқпын. Сіздер қалай ойлайсыздар?» деп жазды ол.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар