Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қабырғасы сынып, бауыры ісіп кеткен»: Әскерге сап-сау кеткен жігіт 8 айдан соң ауруханадан бір-ақ шықты

«Қабырғасы сынып, бауыры ісіп кеткен»: Әскерге сап-сау кеткен жігіт 8 айдан соң ауруханадан бір-ақ шықты
ашық дереккөз
фото: informburo инста парақшасынан алынған
Жамбыл облысында әскерге кеткен сарбаз сегіз айдан кейін ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Жақындарының айтуынша, соққының салдарынан ұлдарының қабырғасы сынып, бауыры ісіп кеткен. Ең сұмдығы бұл істі жылы жапқысы келген әскерилер туыстарына тіс жармастан сарбазды ауруханадан алып шығып емшілерге апарған. Баласына ем іздеген ана informburo көмек сұраған, деп жазды KYN.KZ тілшісі. 
Шырылдаған ана шала жансар күйде жатқан ұлының жағдайына алаңдаулы. Қазан айында Жамбыл облысындағы 91/678 әскери бөліміне отан алдындағы борышын өтеуге кеткен ұлы Ерлан Бекеевтің маусым айының басында ауырып жатқанын естіген. Әуел баста құлап қалдым деген сөзіне сеніп жүре бердік деген Гүлжәмилә Бәйленова кейіннен жағдайының нашар екенін сол жақта тұратын туысынан хабардар болған. Нәр татудан қалған ұлым да кейін әскери бөлімдегілердің аяусыз соққыға жыққанын мойындады дейді. Ал, ұрған кісілер ұлымды әбден қорқытып тастаған деп отыр.
«Үш жылдық контрактідегі сержант баламды ұрған. Басынан тепкен, ішінен тепкен. Баланы сөйтіп қорқытқан. Сенің әлі 4 айың бар қазір 8 ай өтедің. Егер айтатын болсаң қалған төрт айыңда саған азап беремін. Военный билет бермеймін характеристикаңды жамандап жазып берем деген баланы қорқытқан. Бапкер болғысы келген ұлым жоғарғы оқу орнына түсе алмай қалды»,- дейді анасы.
 width=
Бүгінде әскерге барғандарға оқуға түсу мүмкіндігі қарастырылғанын естіп, бірден өз еркімен отын қорғауға кеткен екен. Тіпті, соңғы уақыттарда 5 жылға келісіммен әскерде қалуды да көздеп жүрген. Алайда аяусыз соққыдан кейін жағдайы нашарлап кеткен. Ал, әскери бөлімдегі ақ халаттылардың қолынан емдеу келмеген соң, қызметкерлердің емшілерге апарғанын айтады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар