Фото: douyin.com
Әлемге танымал актер әрі каскадёр Джеки Чан қазақтың домбырасына қосылып Қытайдың «Нағыз қаһармандар» атты әнін шырқады, деп жазды KYN.KZ тілшісі. «Бұл әнді түрлі концерттерде тыңдап жүрген шығарсыздар. Бірақ домбыраның сүйемелдеуімен әлі ешкім естімеген. Бүгін мен сіздерге «Нағыз қаһармандарды» домбырамен айтып берейін», деді Джеки Чан желіде тараған видеода. Айта кетсек, бұл бейнежазба қай жерде, қашан түсірілгені белгісіз. ҚазАқпарат агенттігінің жазуынша, жақында ғана Джеки Чан Шыңжаңның Қытай мемлекеті «Тұлпар мекені» деп таныған Іле қазақ автономиялы облысының Моңғолкүре ауданында «Тұлпар» халықаралық туризм мерекесіне барып, сонда өнер көрсеткен еді. Қытайлық актердің домбырамен айтқан бұл әні осы туристік фестивальға келген кезде орындалған болуы мүмкін.Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




