Басты жаңалықтар
«Келесі сұмдығына дайын болайық»: Бостандыққа шыққан Төреғали Төреәлінің тойда жүрген сәтінен желіде видео тарады
- автор kyn.kz
- 3 тамыз, 2023
- 1.6k
Үнемі басы дауға қалатын танымал әнші Төреғали Төрәлінің әлеуметтік желіде тойда жүрген кезіндегі видеосы тарады, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Видео авторы: "Халық Төрешті сағынып қалыпты", деп жазба қалдырған.
Видеодан той қонақтарының Төреғали Төреәлінің қолын алып, бетінен сүйіп мәз болып билеп жүргенін байқауға болады.
Желі қолданушыларының бір бөлігі әншіні қолдап жатса, енді біреулері оған қарсы пікірлерін жазып жатты.
Олар: "Не істесе де, аңқау қазағым бәрін кешірейін деп тұр ғой", «Әр үйде бір тентек болады», «Менттер не ұтты? Бұл тентек өзгермейді», «Керемет», «Нашақордың өлеңдерін тыңдағым келмейді», «Келесі сұмдығына дайын болайық», «Оңбайтын адамсың ғой Төреш» деп ойларын ортаға салды.
Естеріңізге сала кетейік, есірткіге мас күйінде ұсталып, қамауға алынған Төреғали Төреәлі 17 шілдеде бостандыққа шықты. https://youtube.com/shorts/2THKZ42QVus?feature=share
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




