Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтауда туған қызын зорлаған әскери қызметкер ең қатаң жазаға кесілді

Ақтауда туған қызын зорлаған әскери қызметкер ең қатаң жазаға кесілді
ашық дереккөз
Сержант өзінің 11 жасар қызын зорлаған
Фотобанк Freepik
Ақтаудағы № 25 744 әскери бөлімінің бұрынғы сержанты 11 жасар туған қызын зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Бұл жөнінде  "НеМолчиKZ" қоғамдық қоры хабарлады.
1 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты бұрынғы әскери қызметкерге қатысты үкім шығарды.
"Қазақстан Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі, 121-бабы 4-бөлігі, 124-бабы 3-бөлігі бойынша өзінің 11 жасар туған қызын зорлағаны үшін оған өмір бойына бас бостандығынан айыру және химиялық кастрациялау жазасы тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
"НеМолчиKZ" қорының мәліметінше, ажырасып, басқа әйелге үйленген педофил қызын алып кетіп, жалдамалы пәтерде зорлаған. Қыз мұны анасына айтудан қорыққан, бірақ анасы мұны білген бойда полицияға арыз жазған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар