"Қыз бен жігіт үйленбей тұрып міндетті түрде төсектік қарым-қатынасқа түсіп көру керек": Психолог

Психолог маман Кербез Егінбаева  қыздар тұрмысқа шығар алдын ер жігітпен төсек қатынасына түсіп көруі керектігін,  "Podcast Time" бағдарламасында айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.

Фото:  "Podcast Time"  бағдарламасынан алынған

"Қыз бен жігіт үйленбей тұрып міндетті түрде төсектік қарым-қатынасқа түсіп көру керек. Өйткені, әр адамның либидасы әртүрлі. Мүмкін маған күніне 5 рет керек ана кісіге 1 рет жеткілікті. Сосын мен өзімнің 5 порциямды алмағаннан кейін ол кісіге күні бойы ашуланып жүруім мүмкін. Сөйтіп, отбасыда ұрыс көбейеді. Қыз болып тұрмысқа шығу бұрынғы заманда қалған дүние сияқты. Қазір қыздар 14-17 жастарында қыздығынан айырылып жатыр. Қыз деген нәрсені еркектер уже армандамай-ақ қойыңдар. 7 сынып оқып жүргенде қызым болады деп таңдап алмасаң. Заман өзгерді, қоғам өзгерді, секс деген өте доступно нәрсеге айналды. Сондықтан, қазір жыныстық жетілудің өзі ерте басталып жатыр. Қыздарда  9 жастан етеккір келіп, омырауы өсіп жатыр. Ерте есейіп жатыр. Сондықтан 25 жасқа дейін қыз болып жүру мүмкін емес. Гармон деген өзінікін алады. Қазір бұл қорқынышты нәрсе емес",- деді маман.  Бұл мәселеге байланысты оқырмандар: "Масқара, мынау не тәрбие", "Сұмдық-ақ барған сайын не болып барамыз", "Жастарға не үйретіп отыр сұмдық-ай", деп ойларын ортаға салды.

Loading...