«Ассалаумағалейкум, құрметті достар, отандастар! Хакім Абай атамыздың мерейтойы қарсаңында әдемі челлендж бастағалы отырмыз. Абай атамыздың дәл мен секілді жүректеріңіз қалаған кез келген шығармасын жаттап немесе оқып, дәл осылай бейнетаспаға түсіріп, желіге салып, тарататын болсаңыздар, челленджіміздің басталғаны деп білемін», деп жазды әнші Instagram парақшасында. Димаш Құдайберген бейнеүндеу барысында Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа оқыды. «Бұл челленджді әлемдегі барлық жанкүйерлеріме және өнердегі әріптестеріме жолдағым келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай», деп ойын аяқтады әнші. Челленджге қатысу үшін Абайдың кез-келген шығармасынан үзінді оқып, #abaychallange хэштегімен бейне жариялауыңыз керек. Айта кетсек, Президенттің бастамасымен 10 тамызда Қазақстанда Абай күні атап өтіледі. Биыл ұлы ақын әрі ойшылдың туғанына 178 жыл толады. https://youtu.be/pvhYfwGmKsY
Пойызда қайтыс болған баланың анасы мәлімдеме жасады
Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




