Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Абай- Ахмет Байтұрсыновтың саяси жобасы: Ғалым Абай Құнанбаевты жоққа шығаратындарға жауап берді

Абай- Ахмет Байтұрсыновтың саяси жобасы: Ғалым Абай Құнанбаевты жоққа шығаратындарға жауап берді
Sputnik.kz
Тұрсын Жұртбай: Абайдың руханияты жоқ болса, қазақ халқының руханияты жоқ

Жазушы, абайтанушы Тұрсын Жұртбай филолог Зәуре Батаеваның "Абай - алаштанушылардың ағартушылық жобасы" деген пікірін жоққа шығарып, 

 "Халық үні" You Tube бағдрламасына сұхбат берді деп жазды KYN.KZ тілшісі. 

"Біреу жазыпты Абай туған жоқ, өмір сүрген жоқ, бала жоқ. Құнанбайда ондай бала болған емес. Ол шығарма жазбаған, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов саяси жоба ретінде жасаған депті. Әуезов 1933 жылы қара сөзді НКВД-ның заказымен жазған, Әуезов "Абай жолын" жазбаған дейді. Бұл деген жаңағыны жазып отырған адам бүкіл ұлтты арандатып ғана қоймай, жоқ деп отыр. Бізге өтірік өмірбаян жасап берген, біз елеспіз деп отыр. Өйткені Батаева айтты, жоқ. Ал, Абай жоқ болса, Абайдың руханияты жоқ болса, қазақ халқының руханияты қандай болады?! Бүкіл қазақ халқын жоқ қылып отыр ", - дейді абайтанушы. 

Сонымен қатар сұхбат барысында Ғалым Жанұзақ Әкімнің Абайдың қара сөзі қазақты құртады деген пікіріне де жауап беріп, оның жалған намыс екенін атап өтті.

"Абайдың сөзіне қарсы шығып, бұл қазақты қорлайды дегенді түсінбеймін. Бір би сайлайық, бас басыңа би болдың деп отыр. Осы пікірлер туралы мен Абай ауданына хабарласып айттым. Сонда менің бір бауырым сиыр жер баса алмай жүр, шөп жоқ, таудың басында мөңіреп тұрады деді. Бізге қазір әкім сайла деп шығып еді, ел сиырын да, шөбін де ұмытты, біз сайлаумен әлек болып жатырмыз дейді. Сол баяғы бес болыс бес адамды ұсынып отыр. Абайдың би туралы сөзі дәл келіп тұр.  Оның әрбір сынаған мінезі бүгінгі біздің бойымызда бар. Соған өздерінше намыстанады. Қазақстан қылмыс пен коррупциядан әлем елдерінің алданда тұр. Намыстанса, қазақ болса, неге соған намыстанбайды?", - дейді жазушы. 
 

 

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар