Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Бақыт Шадаева үш некесінің не себепті сәтсіз аяқталғанын айтты

Бақыт Шадаева үш некесінің не себепті сәтсіз аяқталғанын айтты
bakhyt_shadayeva
Бақыт Шадаева: Елуден асқан шағымда жас жігітпен қолтықтасып жүрсем қыздарыма не тәрбие беремін

Танымал әнші Бақыт Шадаева үш некеснің не үшін сәтсіз аяқталғанын айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жасырмаймын, мен үш рет тұрмыста болдым. Үшеуі де өте қызғаншақ еді. Сол себепті Құдайдың құтты күні таяқ жеп отырмайын деп, олардан басымды аулақ әкеттім. Дегенмен, көңілін білдіретін азаматтар әлі де бар. Шүкір, қазір екі жиен немерем бар. Бұрын құдағиымның көзі тірісінде сол кісінің көңіліне қарап мені "Бақыт" деп атайтын еді. Қазір екеуі де "апалап" тұрады. Ендігі тілейтінім, солардың қызығын көру", - деді әнші.

Сонымен қатар әнші өзіне альфонс жігіттердің көңіл аударғанын айтып өтті.

"Мені аста-төк өмір сүреді деп ойлайтын болса керек, альфонс жігіттер де жиі жағалайды. Бірақ елуден асқан шағымда жас жігітпен қолтықтасып жүрсем қыздарыма не тәрбие беремін", - деді Бақыт Шадаева.

 

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар