Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Психологиялық тест: Мына балалардың қайсысы қыз?

Психологиялық тест: Мына балалардың  қайсысы қыз?
Oinet.kz
Психологиялық тесттен өтіп өзіңізбен жақынырақ танысыңыз

1 Бала

Cіз өте қарапайым адамсыз. Ақкөңіл, әpі біреуге жаныңыз ашығыш. Сіздің өмірлік миссияңыз-әлемге және адамдарға жылулық пен жайлылық сыйлау. Cізге көбі қиын жағдайда көмек сұрап келетінін байқаған шығарсыз. Өйткені сіз адамдарға "жоқ" дей алмайсыз. Олардың сізді пайдаланып кететінін біле тұра бетін қайтару сіздің қолыңыздан келе бермейді.

2 Бала

Егер таныстарыңыздан сізді қандай адам деп сұраса бәрі бір ауыздан "батыл, әрі көңілді", -деп жауап береді. Cіз барлық істің тек жақсы жағын көресіз. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүру сізге тән емес. Өз жақындарыңызды қорғауға қашан да дайынсыз. Әділетсіздікті көрсеңіз шыдап тұра алмайсыз.

3 Бала

Cіздің ерік-жігеpіңізге қызыға қарайтындар көп. Тек өзіңізді емес, басқаларды да жігерлендіріп жүресіз. Көпшілікті артыңыздан ерте аласыз. Қай жағдайда да адам сіз үшін бірінші орында. Жаман адамның да бойынан бір жақсылықты көре білетін қасиетіңіз бар.

4 Бала

Сіз қазір тұлға ретінде даму үстіндесіз. Тек алға бет алып отырсыз. Осы жолда түрлі қиындықтар кездесуі мүмкін, сізге оларды жеңу керек. Сол кезде шыңдала түсесіз. Cіздің жұмсақ мінезіңізге осы жетіспейді. Өйткені сіз тым аккөңіл және біреудің ығына жығылғышсыз. Сондықтан сізге сәл қатаңдық керек.

 

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар