Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Цукерберг Маскпен жекпе-жектен бас тартты

Цукерберг Маскпен жекпе-жектен бас тартты
twitter.com
Цукерберг Масктың сөзіне немқұрайлы қарағанын  мәлімдеді.

 Meta негізін қалаушы Марк Цукерберг Илон Маскпен жекпе-жектен бас тартып, Х (бұған дейін Twitter) басшысын сөзінде тұрмағаны үшін айыптады, деп жазды KYN.KZ тілшісі The Guardiаn басылымына сілтеме жасап. 

Технологиялық миллиардерлер маусым айында жекпе-жек өткізуге келіскен еді. Алдымен И.Маск Twitter-де М.Цукербергпен «айқасқа дайын екенін» жазды. Кейін Цукерберг бұл шақыруды қабыл алып, кездесу өтетін орынды белгілеуді сұрады.

Алайда, жексенбі, 13 тамызда Цукерберг Масктың сөзіне немқұрайлы қарағанын  мәлімдеді.

«Мен нақты күнді ұсындым. Дана Уайт жекпе-жекті қайырымдылық мақсатта өткізуді ұсынды. Илон нақты күн мен ресми шара туралы байсалдықпен айта бастаған күні, менімен қалай байланысу керектігін біледі. Олай болмаған жағдайда, бізге әрі қарай жылжу керек. Мен спорттың бұл түріне шынайы қарайтын адамдармен жарыс өткізгім келеді», - деп мәлімдеді Цукерберг.

Бұған дейін Италия үкіметі қос миллиардердің айқасын Рим Колизейінде ұйымдастыру үшін Марк Цукербергпен байланысқа шыққан еді. Кейін жекпе-жек 26 тамызда және Италияда өтетіні хабарланды. «Камераға түсетін бүкіл көрініс ежелгі Рим стилінде болады, демек заманауи ештеңе күтпеңдер. Мен Италияның премьер-министрімен және мәдениет министрімен сөйлестім. Олар шараны эпикалық орында өткізуге келісті»,- деп жазған еді Илон Маск парақшасында.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар