Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шизофрениямен есепте тұрған адам балалар лагерінде жұмыс істеп келген

Шизофрениямен есепте тұрған адам балалар лагерінде жұмыс істеп келген
«Хабар 24» фото-кадр
Өңірдегі демалыс орындарына тексеріс жүргізген прокурорлар бірқатар былықтың бетін ашты.

Жетісу облысындағы лагерьлердің бірінде «шизофрения» диагнозымен есепте тұрған медицина қызметкері жұмыс істеген, деп жазды KYN.KZ тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Өңірдегі демалыс орындарына тексеріс жүргізген прокурорлар бірқатар былықтың бетін ашты. 

Мысалы, демалыс орындарының барлығы өрт қауіпсіздігін сақтамаған болса, Көксу ауданындағы лагерьде балаларға күнделікті тамақ бұзылуға шақ қалған көкөністерден дайындалған.

Ал азық-түлік қауіпсіздік сертификаттарынсыз сатып алынған болып шықты. Сонымен қатар кейбір лагерьлерде мерзімі өткен дәрі-дәрмектер сақталған.

Одан өзге кәсіпкерлер ғимараттарын талапқа сай жабдықтамаған. Әбден тозығы жеткен және лас орындарда оқушыларға демалыс ұйымдастырған.

 

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар