Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Кәріс сериалдары арқылы қазақша еркін меңгеріп алған орыс жігіті

Кәріс сериалдары арқылы қазақша  еркін меңгеріп алған орыс жігіті
pavlodarnews.kz
Родион Иванов: Қазақ тілін үйрену үшін ең бастысы «қ», «ғ» сынды төл дыбыстарды жаттап алу керек.

Әлеуметтік желіде танысымен қазақша еркін сөйлесіп отырған орыс жігітінің видеосы тарап, қызу талқыға түсті, деп жазды KYN.KZ  тілшісі Pavlodarnews.kz  сайтына сілтеме жасап. 

Басылымның мәліметіне сүйенсек, Родион Ивановтың таяуда TikTok желісінде шыққан видеосы 2 миллионнан аса қаралым жинаған. Желі қолданушылары орыс жігітінің қазақша таза сөйлегеніне риза болып, жылы лебіздерін жарыса жазып жатты.

Ал Родионның айтуынша, желіде тараған видеоны осыдан екі жыл бұрын әпкесі түсіріп алған екен.

«Бұл –  мұрағаттық видео, оның бүкіл жерде тарап кететінін күтпедім», – дейді ол. 

Родион орыс тілді балабақша мен мектепке барған, қазақ тілін оқушы кезінде үйрене бастаған.  «Қазақ тілін екінші сыныпта оқып жүргенімде «Қазақстан телеарнасында» көрсетілген кәріс сериалдарын қарап, сол арқылы үйреніп алдым. Сериалды орысша субтитр арқылы қараған едім», – дейді Родион. 

Отбасында бес адамның ішінен тек Родион қазақ тілін еркін меңгерген екен.

«Мен қазақша ойлай бастадым. Кейде ойлаған нәрсені айтпай қоямын, себебі тыңдаушы адам мені түсінбей қалуы мүмкін екенін білемін. Сондықтан ойымды орысшаға аударуға тура келеді», – дейді Родион.

Оның ойынша, қазақ тілін үйрену үшін ең бастысы «қ», «ғ» сынды төл дыбыстарды жаттап алу керек.  

 

 

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар