"АрселорМиттал Теміртау" шахтасындағы апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
- автор kyn.kz
- 17 тамыз, 2023
- 6.4k
Қарағандыдағы шахтадан шыққан өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
"Шахтинск қаласының полициясы ҚР ҚК 277-бабының 2-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады",- деп мәлім етті Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Қазақстандық» шахтасында конвейер лентасы өртенді. Жер астында барлығы 227 жұмысшы болған. Жұмысшылар бүйірлік оқпан арқылы шахтадан жер бетіне шығарылды. Шахтада барлығы 227 адам болған.
Бұдан бұрын апаттан зардап шеккендер саны алты адамға жеткені хабарланған.
Сондай-ақ, Қарағанды облысының әкімдігі шахтада екі кеншінің мәйіті табылғанын мәлім етті, тағы үш жұмысшының тағдыры белгісіз.