Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Желім иіскеп алып, көлік жүргізіп келе жатқан жүргізуші ұсталды

Желім иіскеп алып, көлік жүргізіп келе жатқан жүргізуші ұсталды
стопкадр
Тұрғындар жүргізушінің желім иіскеп, есеңгіреген барлық әрекетін видеоға түсіріп алып таратты

Желім иіскеп алып, көлік жүргізіп келе жатқан жүргізуші ұсталды. Химиялық заттан есеңгіреген күйде көлік басқарған атыраулықты тұрғындар телефондарына түсіріп алған.

Бұл бейнежазбаны түсіргендер шұғыл тәртіп сақшыларына жолдапты. Жол патрулі көліктің бағытын жедел анықтап, токсикоманды бірден ұстаған. Рөлдегі 31 жастағы азаматтың медициналық сараптама химиялық зат қолданғанын анықтады. Желім иіскеген жүргізуші он бес күнге қамалып, жеті жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылды.



 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар