Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шахтадағы өрттен зардап шеккен кеншілер жайлы ақпарат жарияланды

Шахтадағы өрттен зардап шеккен кеншілер жайлы  ақпарат жарияланды
ашық дерек көзі
11 емші бірнеше ауруханада түрлі жарақаты бойынша ем алып жатыр

"Қазақстан" шахтасында зардап шеккен 18 кенші бірнеше ауруханада ем-дом алып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, 17 тамыз күні Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға 9 кенші жеткізілді. Олардың екеуі жансақтау бөлімінен токсикологияға ауыстырылды. Дәрігелердің айтуынша, пациенттердің жағдайы ауырлау, бірақ есін біліп жатыр. Диагноз - жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатия. Кеншілер иістен қатты уланып қалды.

"Қалған 7 адам токсикология бөлімінде. Орташа ауырлық дәрежесі, жағдайы бірқалыпты", - дейді мамандар.

Ал Шахтинск қаласының орталық ауруханасының терапевтік бөлімшесіне төрт кенші түсті. Біреуі ауруханаға жатқызудан бас тартса, қалғандары ем-дом алып жатыр. Тағы біреуі амбулаториялық ем алу үшін үйге жіберілді.

18 тамыздағы жағдай бойынша аймақтың медициналық мекемелерінде зардап шеккен 11 кенші бар.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар