Көздің жасаурауын тоқтату үшін қандай көкөнісітерді тұтыну керектігі анықталды
- автор kyn.kz
- 21 тамыз, 2023
- 1.4k
Көздің жасаурауы бүгінде жиі кездеседі. Оның басты себебі шаршау мен қабыну әсерінен екен. Айтарлықтай қауіпті көрінбегенімен, көз жиі жасаурай берсе, дәрігердің көмегіне жүгінген жөн.
Мамандардың тұжырымынша, көздің жасаурауы ағзаға қажетті витаминдердің жетіспеуінен, адамдардың денсаулығына көп көңіл бөлмеуінен болады.
В2 витамині мен калий азғада азайса да, осындай келеңсіздік тууы мүмкін. Ал калий жетіспеушілігі күнделікті қолданатын кофе, ащы шай мен тұздың шамадан тыс тұтынудың кесірінен туындайды.
Дәрігерлер көз жасаурауын тоқтату үшін құрамында калий бар, яғни, фасоль, банан, қиярды жеуге кеңес береді.
Дұрыс таңдалмаған линзаны пайдалану салдарынан көз жасаурайды. Себебі, мұндай жағдайда көз бұлшық еттерінің шаршауы орын алады.
Көз жасаурауының тағы да бір себебі - қыз балалардың косметиканы дұрыс пайдаланбауы. Жұмысы компьютермен тығыз байланысты қызметкерлердің ережені сақтамау салдары көздің жасаурауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Көз жасаурауына немқұрайлы қарау дұрыс емес. Сондықтан денсаулығыңызға күтім жасап, уақытылы дәрігердің қарауына жазылуды ұмытпаңыз.
Полиция генерал-майоры Берік Біләловке сот үкімі шықты
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар енді дәрігердің қатесі үшін төлем ала алады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2024
Алматыда қолдан жасалған шарап ішкен ер адам уланып қалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 қазан, 2024