Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Полиция генерал-майоры Берік Біләловке сот үкімі шықты

Полиция генерал-майоры Берік Біләловке сот үкімі шықты
Кazpravda.kz
Берік Біләловтің қанша жылға қамауға алынғаны жарияланды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында полиция генерал-майоры Берік Біләловке үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Агенттіктің жазуынша, сот үкіміне сәйкес, Берік Біләлов Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағының 2-тармақшасында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сондай-ақ ол 10 жылға мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті басқарушы органдарда, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда, квазимемлекеттік сектор нысандарында жұмыс істеу құқығынан айырылған. Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің 49-бабының 2-бөлігіне сәйкес, президент атына Берік Біләловті ІІ дәрежелі "Даңқ" орденінен және полиция генерал-майоры жоғары арнаулы лауазымынан айыру туралы ұсыныс енгізілген.

Бұдан бөлек агенттік мәліметінше, одан зардап шегушілерге өтемақы төлеу қорына 58 340 теңге мәжбүрлі түрде өндіріп алынады. Берік Біләлов жазасын қауіпсіздік деңгейі орташа қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Еске салсақ, СҚО қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бұрынғы басшысы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов биыл ақпан айында ұсталған болатын. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар