Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада өткен жылмен салыстырғанда оқулықтар мен кеңсе тауарлары бірден 76 пайызға қымбаттаған

Астанада  өткен жылмен салыстырғанда оқулықтар мен кеңсе тауарлары бірден 76 пайызға қымбаттаған
kazpravda.kz
Қазақстанның әр өңірінде баланы мектепке дайындау шығыны айтарлықтай қымбаттаған

Елімізде өткен жылмен салыстырғанда оқулықтар мен кеңсе тауарлары бірден 45 пайызға қымбаттаған. Бұндай көрсеткішті ұлттық статистика бюросы жариялап отыр. Шарықтаған баға бағамы әсіресе елордада байқалады. Астанада оқулықтар мен қағаз-қаламның құны 76 пайызға аспандапты. Ал Батыс Қазақстандағы баға 60 пайызға өссе, Ақмола облысында 59 пайызға көтерілген. Қымбатшылық қыспаққа алған тұста бұл айтарлықтай қалтаға салмақ салуда дейді ата-аналар. Ал өзге өңірлердегі ахуал қандай?

Жаз бітіп, қоңыр күз жақындағанда балаларды жаңа оқу жылына дайындау барлық ата-ананың дерлік басты уайымына айналатыны сөзсіз. Қыркүйекке қамданғандар сауда орындары мен базардағы баға күннен күнге құбылуда дейді. Жамбылдықтар бір ғана баланың керек-жарағын түгендеу үшін орта есеппен 100 мың теңге жұмсайтындарын айтты. Мемлекет қазіргі нарықты есепке ала отырып, «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастырған болатын. Елдегі 450 мың мұқтаж отбасыға қаржылай қолдау ретінде 40 мың теңгеден үлестірді. Алайда бұл көмекке іліккендер бөлінген ақша қағаз-қалам алудан артылмайтынын айтады. Өйткені кеңсе тауарларының құны бір жылдың ішінде 64 пайызға өскен,-деп жазды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

- Біздің Тараздың бағасына келсек, вообще 40 мың теңге бір балаға жетпейді. Көріп тұрсыздар ғой, бір аяқ киімнің өзі 10-15 мың теңге тұрады. Ол 40 мың теңгесі бір концтоварға ғана жетеді ғой.

- Мен өзім Астана қаласынан Таразға келдім. Бірақ ешқандай айырмашылық көріп тұрған жоқпын бағадан. Бәрі ұшып тұр бағалары. Рубашка мысалы 4 мың теңге болса былтырғы баға, биыл 9 мың. Даже 11 мың. Бір балаға орташада 100 мың керек. Жәй ғана киімдері, қыстық киімдерді санамағанда.

- Шыны керек қазір 3 баланың өзіне мен шырылдап тұрмын. 6-7 баласы бар ата-аналарға мен алғысымды білдіргім келеді. Өзіміз де көріп жатырмыз ғой күнде. Айтып жатыр, кредит алып жатырмыз, рассрочка алып жатырмыз,

- Расымен сауда сөрелеріндегі сандар сайрап тұр. Ал бағасы мен сапасынай сай мектеп формасын табу қиынның қиыны деп қынжылады. Олай болмаса бүгін алған киімнің жібі шығып, тігісі сөгіліп кету қаупі тағы бар.

Ал Шымкент шаһарындағы баға бағамы қандай? Ал өзге өңірлер қымбатшылықты айтып қынжылып жатқанда Шымкент базарларында баға керісінше былтырғыдан арзандай түскен. Сатушылар тіпті дәптер мен қаламсаптың құны былтырғыдан қарағанда екі есеге түскенін айтып отыр. Мәселен, былтыр 45 теңгеден тұрған дәптер қазір 26 теңгеден сатылуда. Сатушылар мұны жергілікті кеңсе тауарларын шығаратын зауыттың бар болған соң арзан деп түсіндіреді. Десе де, шетелден келетін сөмке мен пеналыңызда былтырғы бағамен беріліп жатыр. Үстіне көбірек қосып сатсаң алушыларды қашырамыз дейді саудагерлер.

"Былтырғыға қарағанда түсіп тұр дәптердің бағасы. Ал көтерілген не нәрсе бар? Көтерілген ештеңе жоқ, заттың бәрі былтырғы баға. Бәрінің накладнойымен салыстырып көріп жатырмыз ғой. Мысалы бізде Атыраудан келіп отбасы кеп 4 сумка алып кетті. Не деген арзан деп жарты есе арзан деді бізде. Сөйтіп 4 баласына 4 сумка алып кетті. Оларда баға қанша екен? Бізде 5 жарымнан берген сумкалар оларда 1213 мың деді",-сатушы Жәмилә  есқараева.

Әрине, кеңсе тауарларына бүкіл базардағы баға бірдей емес. Қымбат дүкендерге барсаңыз ол жерде әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Дәптер-қаламның құнына жалға алып отырған орынның бағасы да әсер етеді дейді. Десе де оқушыны жабдықтау Қазақстан бойынша Шымкентте арзанға түсіп тұрған сияқты. Оқу жылына он күн қалғанда мектепке керек-жарақ заттардың бағасы құбылып-ақ тұр.

Мәселен, кеңсе тауарлары айналдырған бір жылдың ішінде 45 пайызға қымбаттап кеткен. Антистатистиканың басында Астана. Одан соң Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстары. Әсіресе, дәптер бағасы аспандаған. Былтырғымен салыстырғанда 77 пайызға бір-ақ өскен. Алматыдағы ахуалға тоқталсақ. Биыл 30 мыңнан астам оқушы бірінші сыныптың табалдырығын аттайды.

Әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға көмек ретінде «Жалпыға міндетті оқу» қорынан жылда ақша бөлінеді. Берілетін 43 мың теңгені біраз жыртықты жамайды деп айту қиын. Қалам, қарындаш, дәптер секілді заттардың өзі бір жылда күрт қымбаттағандықтан, қалта түбін қағады. Сондықтан, берілетін көмек көлемін көбейту көптің көкейінде жүрген мәселе. Дей тұрғанмен, Білім басқармасы биыл қосымша бюджет бөлінбейтінін жеткізді.

"Біз жалпы, бюджетті былтырғы жылы осы биылғы жылға бекіту кезінде желтоқсан айында бюджетті бекіткен кезеңінде бір балаға 43 мың теңгеден бекіткен болатынбыз. Ол 35 мың теңге мектеп формасына және 8 мың теңге кеңсе тауарларына. Алайда, өзіңіз көріп отырғандай расыменде қазіргі таңда біз бұл бағаның көтерлгенін көріп жатырмыз. Сондықтан да, дәл сол былтырғы желтоқсан айында сол кезеңдегі бағамен алған болатынбыз. Өкінішке орай биылғы жылы бағаның біршама өскенін көріп отырмыз. Сондықтан, келесі жылы осы мынау бюджетті бекіту кезеңінде осыны ескеріп, тағы да қаржыны биылғы қалпында қалдыру емес оны жоғары көтеруді қарастыратын боламыз",-дейді  Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Мегаполистің тұрғындарына құлаққағыс. Бірінші қыркүйектен бастап «Мектеп автобусы» жобасы іске қосылады. Әзірге 100 автобус сатып алынған. Әкімдіктегілер Алматының 7 ауданындағы 8 мыңға жуық оқушыны тасымалдаймыз деп жоспарлап отыр. Бұл жаңалық көпшілік ата-анаға майдай жақты. Баласын мектепке апару керек деген бір міндеті азаяды.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар