Жақында екінші рет ана атанған Айсауле Бақытбек қызының есімін айтты.
Жуырда ғана Баян Мақсатқызының тұңғышы екінші рет ана атанған болатын. Қыз баланы өмірге әкелген Айсауле нәрестеге қандай есім бергенін хабарлады.
Өзіне ұнаған түрлі есімдерді шарға жазып, жарды. Тек "Сәтті" есімі жазылған шарды алып қалды. Осылай ерекше ұйымдастырумен өз оқырмандарына қызына қандай есім таңдағанын көрсетті.
Желі қолданушылары : "қазақша есім қойғанына қуаныштымын", " ерекше есім, артынан ұл ере берсін", "бұл есімді бірінші рет естуім" , " бауы берік болсын" деп өз пікірлерін білдірді.
Айта кетейік, Айсауле Бақытбектің тұңғышының есімі Сафия еді.