Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айгүл Иманбаева жақында дүниеден озған әкесімен түскен соңғы видеосын бөлісті

Айгүл Иманбаева жақында дүниеден озған әкесімен түскен соңғы видеосын бөлісті
инстаграм парақшасынан
Айгүл Иманбаева: "Батасын алдым"

Әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде жақында өмірден өткен әкесімен түскен видеосын бөлісті. Актриса ұзақ жолдың алдында әкесінің ауылына барып, батасын алғанын Instagram парақшасында айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

"Лондонға кетерде әкемнің ауылына барып, үлкен жолдың алдында батасын алдым. Сол кездегі түскен видеомыз естелік болып, осында тұрсын", - деп жазды Айгүл Иманбаева. 

Ал желі қолданушыларының бірі әншіге әкесінің қазасы үшін көңіл айтса, екіншілері әкесімен дер уақытында табысып үлгерген Иманбаеваға тілекші екенін жеткізді. "Ең бастысы, өкініште қалмай, табысып үлгергенің", "Батасын алып, жолға шыққаның қандай жақсы болған. Әкеңіздің алдынан жарылқасын", "Әкеңізге қатты ұқсайды екенсіз", "Сенің келгеніңе мәз болып тұр ғой видеода", "Жаны жәннатта болсын", - деп жазды желідегілер. 

Бөлісу:
Аяулым Изатқызы
Автор

Аяулым Изатқызы

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар