Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты істі қарап жатыр, - деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Апелляциялық алқа Боранбаев пен тағы екі айыпталушының ісін қайта қарап жатыр: Роман Наханов пен Тайыр Жанұзақ.
Судья Сламбекова Қайрат Боранбаевтан кінәсін мойындай ма, сұрады.
"Процессуалдық келісімге сәйкес, иә", - деп жауап берді Қайрат Боранбаев.
Сот мәліметінше, келісімнің шарттары әлі талқыланбаған. Бұл үшін нақты уақыт белгіленеді. Іс ашық сот отырысында қаралады. Айыпталушылар мен олардың қорғаушылары сот құрамына сенетіндерін айтты. Іс бойынша сотталушылардың туыстары қарсылық білдірген жоқ. Боранбаев және оның қорғаушы тарапы қылмыстық қудалау органдарымен ынтымақтастық туралы өтініш жасаған.
Айта кетейік 31 наурызда кәсіпкер Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталған болатын. Қаржы мониторингі агенттігі мәліметінше, "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов және Qazaq Gaz АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзаққа сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 миллиард теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру деректері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Ұлттық компанияға келтірілген залал Qazaq Gaz АҚ шоттарына аудару арқылы толық көлемде өтелді.
Ал 2 шілдеде Қайрат Боранбаевқа қатысты үкім күші жойылды. Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы кәсіпкер Қайрат Боранбаев пен оның ісі бойынша басқа да айыпталушылар Роман Наханов пен Тайыр Жанұзаққа газ бағасы туралы құжаттың түпнұсқасы болмағандықтан үкім күшін жойды.