Айтбай әулеті 1 күннің ішінде 11 адамынан айырылды. Суға кеткен 11 адамның 3-еуі бала, 8-і ересек . Оқиға Сырдария өзінінің жағасында орын алған. Отбасылық іс-шарадан қайтып келе жатып, өзен жанына тоқтаған. Баланың бірінің аяғы талып, қалғандары оларды құтқаруға ұмтылған.
"Олардың барлығы тойдан кейінгі киімде болған. Арнайы өзен жағасына суға шомылуға не демалуға бармаған", - деп Түркістан облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Мира Мүсілім пікір білдірді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше суға түсуге арналмаған жерге 11 адам суға түсіп, батып кеткен.
Айта кетейік, оқиға 21 тамыз күні Түркістан облысында орын алды.