Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мектепте хиджаб кию мәселесіне оқу-ағарту министрі нүкте қойды

Мектепте хиджаб кию мәселесіне оқу-ағарту министрі нүкте қойды
Ашық дереккөзі
Министр: "Қазақстан - зайырлы мемлекет".

Мектепте хиджаб кию мәселесіне оқу-ағарту министрі  нүкте қойды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

"Конституция бойынша Қазақстан -  зайырлы мемлекет. Мектеп те зайырлы болып саналады. 2016 жылы бекітілген оқушылардың (мектептегі) формасы мен киміне қатысты бұйрық бар. Ол өзгерген жоқ. Сондықтан балалар мектепке оқушы формасымен келуі керек. Бұл балалардың бірдей білім алуы үшін жасалып отыр. Сондықтан бұл бағытта өзгеріс жоқ. Бәрі заң аясында әрі балалар мектепке белгіленген тәртіп бойынша келуі керек", - деді министр.

Аяулым Изатқызы
Автор

Аяулым Изатқызы

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар