Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда қаржы пирамидасы 35 адамға 49 млн теңге залал келтірген

Атырауда қаржы пирамидасы 35 адамға 49 млн теңге залал келтірген
semeytany.kz
Қаржы пирамидасына 296 салымшы тартылған

Атырауда қаржы пирамидасы 35 адамға 49 млн теңге залал келтірген. Қаржы пирамидасына 296 салымшы тартылған, деп жазды KYN.KZ тілшісі. 

Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінде «QazHome» қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегі белгілі болды. 
«Атырауда қаржы пирамидасын құрған тұлғалар әшкереленді.

Олар «QazHome» тұтыну кооперативі құрып, жеке және заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге де мүлкін тартудан, кейбір қатысушылардың активтерін қайта бөлуден, басқалардың жарналары есебінен кіріс алу қызметін ұйымдастырған. Аталған қылмыстық істі Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері тергеп, тексерді.

Тергеу барысында анықталғандай, кооператив қызметіне 296 салымшы тартылған. Салымшылардың тек 35-і ғана шағымданып, арыз жазды. Арыздар бойынша залал сомасы 49 млн теңгеден асады» деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар