Басты жаңалықтар
Сырдария өзеніне батып кеткен тағы бір адамның денесі табылды
- автор kyn.kz
- 22 тамыз, 2023
- 1.8k
11 адамның 9-ының денесі табылды
Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен тағы бір адамның денесі табылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар депаратаменті.
"Құтқарушылар сағат 12:25-те 25 жастағы адамның денесін судан алып шықты. Әзірге суға батып кеткен 11 адамның 9-ының денесі табылды. Қазіргі кезде кәмелетке толмаған 2 жасөспірім іздестіріліп жатыр, - делінген облыстық төтенше жағдайлар депаратаментінің хабарламасында.
Еске сала кетейік, кеше Отырар ауданындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында шомылуға барған 20 адамның 11-і суға батып кеткен. Оның 5-еуі балалар болса, 6-ауы – ересектер. Олар тыйым салынған жерде шомылған. Барлығы - бір әулеттің адамдары.
Бұған дейін суға кеткен 11 адамның сегізінің денесі табылғаны хабарланған болатын.